Алматыда жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, бес адам ауруханаға түсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда іші жолаушыға толы жеңіл көлік жүк көлігінің артынан соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 8 қыркүйек күні кешкі сағат 17:00 шамасында Мөңке би көшесінің бойында Б. Момышұлы көшесіне жетпей болды.

«ВАЗ» көлігінің жүргізушісі Мөңке би көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатып, жолдың бойында тоқтап тұрған «Sinotruck» жүк көлігіне соғылды. Жол -көлік апаты салдарынан «ВАЗ» көлігінің 5 жолаушысы зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алғандар №7-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді»,- деп хабарлады полициядан.

Апаттың мән-жайын Алатау аудандық полиция басқармасының өкілдері анықтап жатыр.