Жол апаты Тәттібеков көшесінде болған. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жеңіл автомобиль солтүстік бағытта тұрақта тұрған Hyunday жүк көлігіне соқтығысты. Hyunday қатты соққыдан айналып, инерция бойынша ағашқа соғылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк тасымалдауға арналған көліктің кабинасындағы жолаушы зардап шекті.
Кейін анықталғандай, жеңіл көліктің жүргізушісі қатты мас болған.