Жол апаты Күдерин көшесінде болған.
Солтүстікке бет алып бара жатқан мерседес тротуарға шығып кетіп, жол шетіндегі 3 адамды қағып барып, метал қоршауға соғылып тоқтаған. Соққыдан 68 жастағы әйел адам сол жерде көз жұмды.
Басқа екі адам ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі аса ауыр халде.
Жол апатының жай-жапсарын полиция анықтап жатыр.