жеңгетайлықпен айналысқан Ақсай ықшамауданындағы шағын қонақ үйлердің бірінің әкімшісін ұстады. Бұған дейін олар "Консул", «Маяк», «Поле чудес» және «Сагишка» қонақ үйлерінің қожайындары мен әкімшілерінің заңсыз істерін әшкерелеген болатын.
«Біз қалаға Жамбыл облысынан келген 40 жастағы Гүлзира есімді келіншектің туыстарының қонақ үйінде жұмыс істеу үшін жарты жыл бұрын келгенін анықтадық. Өзін онда қожайын сезінген ол өзінің "қамқорлығындағылардан" мұнда болғаны үшін күн сайынғы төлемнен бөлек клиенттерден бөлмелерді жалға алған әр сағатына ақы алып отырған. Оны әшкерелеу үшін кешенді іс-шаралар жоспары жасалып, қылмысы бұлтартпас айғақтармен дәлелденді", - дейді қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының Адам саудасымен күрес бөлімінің бастығы Таңат Назанов.Оның айтуынша, операция кезінде оншақты жезөкше ұсталған. Ал қонақ үй әкімшісі жеңіл жүрістілердің қызметін пайдаланушы клиенттен 8 мың теңге алып жатқан жерінен қолға түсіп отыр. Қазіргі таңда оған притон ұйымдастырған және жеңгетайлықпен айналысқан деген айыптар тағылып отыр.