Алматыда Жеңіс күні Көктөбеден от шашу беріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеңіс күнінде Көктөбеден от шашу беріледі.

Басты мерекелік шара сағат 10.00 де Алматыдағы 28- ші гвардияшылар панфиловшылар паркінде өтеді.

Мерекелік шара аясында әскери қару- жарақ пен техниканың үлгілері көрсетіліп, əскери роталардың салтанатты шеруі өтеді және Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылады. Күндізгі бағдарлама Мемлекеттік үрмелі оркестрдің концерттік бағдарламасына ұласады.

Кешкі сағат 20:00 де «Астана» алаңында Алматы қаласы әкімдігі эстрадалық -симфониялық оркестрінің және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт жоспарланған. Сағат 22:00-де қаланың екі нүктесі - «Астана» алаңы мен «Көктөбеден» мерекелік салют беріледі.