Жақында Алмалы ауданында тұратын алты ардагерге бір бөлмелі үйдің пәтер кілттері табысталған болатын.
"Құрметті ардагерлер, бізге бейбіт өмір, ашық аспан сыйлағандарыңызға, Отан үшін от кешкендеріңізге, қайтпас қайсар ерлік көрсеткендеріңізге шексіз алғысымызды білдіреміз. Соның арқасында біз бүгін береке-бірлікте, ынтымақтастықта өмір сүріп жатырмыз. Жаңа пәтерлеріңіздің іші бақыт пен қуанышқа толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!", - деді Алмалы ауданының әкімі Марат Прінбеков.
Өз кезегінде ризашылықтарын білдірген ардагерлер Елбасына қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді. Олар сонымен қатар, кездесу барысында "Біздің еліміздің дәулеті - бейбітшілік, береке-бірлік және барлық ұлт өкілдері арасындағы достық", деп атап өтті.