Алматыда Жеңістің 65 жылдығына арналған пошта маркасы айналымға шықты

/em>Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда "Қазпошта" АҚ Жеңістің 65 жылдығына арналған пошта маркасын айналымға шығарды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маркада мәңгі алаудың аясында Мәскеу қаласын қорғау кезінде соғыста ерлік көрсеткен 28 панфиловшыларға арналған саябақтағы Даңқ мемориалы бейнеленген.

Таныстырылымды Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еренғайып Шайхутдинов пен "Қазпошта" АҚ төрағасының орынбасары Ерсерік Сиырбаев өткізді.

"Бұл шарадан бөлек, "Қазпошта" АҚ Ұлы Жеңістің 65 жылдығы құрметіне арнап ардагерлерге әлеуметтік көмек ретінде қайырымдылық акциясын өткізіп жатыр. Біз сонымен қатар, соғыс тақырыбына арналған 17 204 пошта маркасын шығардық. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне барлық облыстық бөлімшелерде мерекелік шаралар ұйымдастырылатын болады", деді "Қазапошта" АҚ төрағасының орынбасары Ерсерік Сиырбаев. Оның айтуынша, алдағы уақытта "Қазпошта" АҚ Тыл еңбеккерлеріне 238 330 дана "А" деген әріппен таңбаланған конверттер табыстайтын болады.