«Достар, Алматы қаласы бойынша экология департаменті ЖЭО-2 модернизациясы бойынша сараптама кеңесінің құрылғанын хабарлайды (уақытша негізде). Осыған байланысты қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға және дамытуға үлес қосқысы келетін барлық экобелсенділерді ЖЭО-2 модернизациясы бойынша сараптамалық кеңестің мүшесі болуға шақырамыз. «Ұлы нәрсе кіші қадамнан басталады», сондықтан шет қалмаңыз. Алматы қаласының экологиясын жақсартуда жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс жасайық»,– деп жазылған департаменттің Facebook парақшасында.
Қатысуға өтініш білдіру үшін өзіңіз туралы деректерді 77015055505 нөміріне жіберуіңізге болады.
Айта кетейік, Үкімет Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру жобасын мақұлдаған болатын.