Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.
Электросиреналар мен үш бағдарламалық хабар тарататын радиотрансляциялық тораб арқылы: «Барлықтарыңыздың назарыңызға! Алматы қаласында сейсможаттығу өткізіліп жатыр. Қала тұрғындарын жер сілкінісі қаупі туындаған жағдайда іс-әрекеттер қолдануды сұраймыз. Дабыл оқыту мақсатта берілді», - мәтіндегі дабылдар берілетін болады.
Күн сайын тәулігіне үш рет - сағат 11.00, 16.00 және 20.00-де радиотрансляциялық тораб арқылы алдағы сейсможаттығу туралы хабарланып тұратын болады. Сондай-ақ сейсможаттығу туралы ақпарат барлық БАҚ-ға таратылды.
Алматы қаласы бойынша ТЖД тұрғындар мен қала қонақтарын сабырлылық танытып, сейсможаттығуды өткізуге белсенді қатысуға шақырды.
Онымен бірге, 20 мамырдан бастап Алматы қаласы бойынша ТЖД зілзала кезінде қолданылатын іс-қимылдарды пысықтау мақсатында нысандарда оқулар өткізіп жатыр. Оның барысында Департаменттің мамандары инструкторлық-әдістемелік ұсыныстар жасап, ғимараттардан эвакуация жасау жоспарларының сызбаларын пысықтауда.