Өрт сағат 21.38-де толық сөндірілді, одан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасай отырып. Қазір ғимаратты сүтіне қайталай су төгілуде. Ол қалып қойған шоқтардың тұтануын болдырмау үшін жасалады.
Бұған дейін қайта қалпына келтіріліп жатқан қонақүйде 130 өрт сөндіруші алапат өтті сөндіруге жұмылдырылғаны хабарланған еді. ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеуінше сағат 19.42-де Алмалы ауданының Абылай хан даңғылындағы 55 мекенжайдағы «Жетісу» қонақ үйі (қайта қалпына келтірілуде) шатыры өртене бастаған.
«Ғимараттан 70 жұмысшы, оның жанындағы дәмханадаг 50 адам сыртқа шықты. Өрт сағат 20.52-де оқшауланды. Қазір жалын 3500 шаршы метр аумақты шарпыған (ғимараттың ауданы 5600 шаршы метр). Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді», - деді ТЖК-ның ресми өкілі.
Жалында өшіруге Алматы қалалық ТЖД-ның Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің 28 техникасы жұмылдырылған.