Алматыда жетісулықтардың ауылшаруашылық жəрмеңкесі өтуде

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында Алматы облысының 16 ауданы мен 3 қаласының және «Жетісу» ӘКК қатысуымен күздің алғашқы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Жетісулық ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер 360 тоннадан астам сапалы әрі экологиялық таза өнімдерін нарық бағасынан төмен бағада ұсынуда, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы Алматыға өнімнің 48-ден астам түрі жеткізілді. Соның ішінде жалпы құны 180,1 млн. теңгені құрайтын 34,4 тонна ет, 16,8 тонна сүт өнімдері, 102,1 тонна көкөніс, 11,8 тонна балық, 36 тонна жеміс-жидек, 40,9 тонна картоп пен 115 тонна өзге де өнімдер бар.

Осы күні  қала тұрғындарының назарына облыстың өнер ұжымдарының дайындаған концерттік бағдарламасы да ұсынылмақ.

Жәрмеңке Жібек жолы көшесінде (Желтоқсан - Наурызбай батыр көшелерінің қиылысы) сағат 07.00-де басталды.