«Қалада қоғамдық көлік таңғы 06:00 мен 19:00 аралығында жұмыс істейтін болады. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші қажеттіліктегі тауарларды жеткізу сервисі 09:00-22:00 аралығында істейді. Барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлерінің санитарлық қорғаныс құралдары күшейтілетін болады.
Бұл күндері әрқайсымыз ортақ мақсат жолында жеке де, ұжымдасып та азаматтық белсенділігіміз бен жоғары жауапкершілігімізді көрсете білгеніміз абзал.
«Біз жеке гигиена шараларын сақтау мен оқшаулану арқылы коронавирус инфекциясының таралуын тежей аламыз», - деді қала әкімі.