Алматыда жезөкшелерді өлтірумен айналысқан азамат ұсталды

None
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Алматылық полицейлер жезөкшелікпен айналысып жүрген әйелдерді өлтіріп кетіп жүрген азаматты құрықтады. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, ұсталған азамат Жамбыл облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан. Тәртіп сақшылары оның 2005 жылдың наурыз-сәуір айлары аралығында жезөкшелікпен күн көріп жүрген әйелдерді өлтіргендігін дәлелдеді. «Ұсталған азамат өзінің «жеңгетайлық» көмегі үшін ақы төлеуден бас тартқан 24 жастағы қызды қала шетіндегі саяжайлардың біріне апарып, ұрып-соғып өлтірген де мәйітті сондағы шұңқырлардың біріне лақтырып жіберген. Кейінірек мәйіттің қаңқасы табылып, істің ашылуына негіз болды. Осы жылдың сәуір айында ол тағы бір қызды Алматы облысының Жетіген ауылының шетіне апарып, тонап, басын кесіп, мәйітін Үлкен Алматы өзеніне лақтырып жіберген. Қазіргі таңда осы фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді департамент бастығы.