Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның деректеріне қарағанда, ұсталған 3 әйелдің үшеуі де Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Олар өздерінің қылмыстық әрекеттерін қалада жалға алған пәтерлердің бірінде жүзеге асырған. Аталмыш пәтерден кәмелетке толмаған екі жасөспірім қыз табылды. Оларды жынойнақты ұйымдастырушылар ұрып-соғып, өткен жылдың желтоқсан айынан бері қамауда ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. «Қыздарды ұсталған әйелдердің бірі электрдің көмегі арқылы денеге зақым келтіретін қарумен қорқытып, зорлап алып келген. Арнайы операция барысында қамауда жатқан кәмелетке толмаған қыздар босатылып, ұсталғандарға «адам ұрлап, оны бостандығынан айырды, притон ұйымдастырды, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі» деген бірнеше айыптаулар бойынша қылмыстық іс қозғалды», деді департамент бастығы.