Алматыда «Жібек жолы - Қытайдың жібек өнері» атты көрме ашылды

strong> Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Бүгін Алматыда А.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында «Жібек жолы - Қытайдың жібек өнері» атты көрме ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытай жібек мұражайы (ҚХР, Ханьчжоу қ.) мен Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулдығының және А.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының ұйымдастыруымен өтіп жатқан көрмеге 145 экспонат, әр дәуірде жасалынған жібек бұйымдар, жібектен тігілген бүгінгі заманғы киімдер, жібек мата тоқитын станоктар, жібек құртын өсіруге арналған құрал- жабдықтардың макеттері, бағалы тарихи қолжазбалар қойылған.

«Біз қазақстандықтар жібектің Отаны саналатынын Қытай елінің өнерімен, дәстүрімен танысса дейміз. Бүгінгі көрмеге Жібек жолы уақытындағы Қытай мен Қазақстан халықтары арасындағы достық қарым-қатынас пен тығыз сауда байланысы болғандығын айқындайтын аса құнды құжаттар қойылды. Қазір де сол дәстүр бұзылмай, достық қарым-қатынасымыз жалғасып келеді. Бүгінде екі ел арасындағы сауда -байланыс та жақсы дамуда. Өткен жылы тауар айналымы Әлемдік дағдарысқа қарамастан, 10 миллиард доллардан асты. Биылғы жылы бұл көрсеткіш одан әрі өсе түседі деп ойлаймын. Мәдениет саласында, біз биыл да бірқатар іс -шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл көрме екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікке ықпал етеді деген сенімдемін», деді ҚХР-ның Бас консулы Сунь Линзянь. Оның айтуынша, «жібек» көрмесі алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Көрме сәуір айының 15-не дейін жалғасады.