«Жетісу ауданы, Ратушный көшесінде орналасқан шеберханадағы өрт 13:36-да сөндірілді. Оқиға орнына 20 техника, 60 өрт сөндіруші, 4 су көлігі, 20 полиция қызметкері жұмылдырылды», - деп хабарлады Алматы Төтенше жағдайлар департаментінен.
Полиция өртеніп жатқан аумақты қоршауға алды. Алдын ала бағалау бойынша, тілсіз жау 1200 шаршы метр аумақты шарпыған.
Зардап шеккендер жоқ.
Алматыда жиһаз цехынан өрт шыққаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.