Алматыда жоғалған адам 5 күннен соң базар маңайынан табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 6 күн бұрын жоғалған 33 жастағы Ринат Балмұханбетов табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ринат есімді Алматы тұрғыны 17 мамыр күні үйінен шығып кетіп, оралмаған. Көзі нашар көретін ол қалалық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады. Жоғалған азамат 22 мамыр күні «Алтын Орда» маңындағы автобазардың қасынан табылған. Анасының айтуынша ол 6 күн бойы қала ішінде адасып жүрген.

«Баламның жоғалғаны туралы хабар тарағаннан кейін кешке маған бір кісі қоңырау соқты. Суреттегі адамды таңертең көргенін, оның әлі сол жерде отырғанын айтты. Балам үйден адасып қалған. Жүдеп, аяқтары ісініп кеткен», - деді анасы Ғалия.

Арайлым Жолдасбай