Полицияның мәлімдеуінше, қыз үйіне өзі оралған. Баламен психологтар мен Түрксіб аудандық жасөспірімдер ісі бойынша полиция инспекторлары сұхбаттасты. Оның қайда болғаны әзірге белгісіз.
Айта кету керек, бүгін Алматыда 3 сынып оқушысы Анна Иванова жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.
Қыздың жоғалуына байланысты еріктілер №89 мектептің спорт залында іздестіру тобын құрған болатын.
Сонымен қатар, полиция департаментінде осы бағытта тергеу-іздестіру тобы құрылған еді.