ҚазАқпарат тілшісіне қоғамдық қауіпсіздік кеңесі мүшесі - Ислам Угушевтың хабарлауынша, Нуршат Розиевтің өлі денесі өзеннен табылған.
Айта кетейік, Розиев 3 қыркүйекке қараған түні жоғалып кеткен еді. Оны анасы іздеп полицияға арыз жазған болатын. Ол тұрған үйдің бір бөлігі өртенген. Оның Nissan Primera маркалы көлігі үй ауласынан табылмады.