Алматыда жоғары білімді дамыту мәселелеріне арналған отырыс өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ - Сәуірдің 6-сы күні Алматыдағы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында Жоғары білімді дамыту стратегиясы тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл шараны Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Үкімет пен ҚР Ұлттық банкі жанындағы Ұлттық сараптамалық орталығы ұйымдастырады. Басқосу жоғары білім саласындағы мәселелерді талқылау мақсатында өтпек. Онда негізінен жоғары білім саласындағы ұлттық стратегия, жоғары оқу орындарын басқару мен қаржыландыру, ЖОО-дағы жемқорлық мәселелері сөз болмақ.