Алматыда жоғары оқу орындарының ректорларына арналған семинар өтеді

АЛМАТЫ. 14 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда 16-22 шілде күндері 100 жоғары оқу орнының ректорларына арналған 48-сағаттық «MET-Uni» семинарлар сериясы өтеді.

Ол Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық бизнес академиясының бірлескен ««MET Program» (Management Education Technology Program) жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Мақсат - ҚР 2011-20 жылдарға дейінгі мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда жоғары оқу орындарын тиімді  басқарудың менеджмент саласындағы білімін тереңдету. Оны Халықаралық бизнес академиясының үздік оқытушылары мен білім беруді басқару саласы бойынша Ұлыбритания, Ресей және Прибалтика елдерінен арнайы шақырылған білікті мамандар жүргізеді. Онда әлемдегі білім беруді дамытудағы жаңа ағымдар, жоғары оқу орындарын басқарудағы инновациялық әдістер, жоғары оқу орны ауқымында қызметкерлерді тиімді басқару стратегиясы, корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу, білім берудегі жоғары білім сапасын қамтамасыз ету құралдары, қаржылық менеджмент сияқты мәселелер сөз болады деп жоспарлануда.   Сондай-ақ 21-22 шілде күндері бағдарлама аясында «Қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігі: аңыз бен шындық» деге тақырыпта оқу орны басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел жиыны өткізілмек.