Қайғылы оқиға Шевченко Жароков көшелерінің қиылысында болған.
Куә болғандардың айтуынша, Шевченко көшесімен батысқа бағыт алған Шкода Рапид көлігі бордюрге соғылып барып, талдарды жапырып өткен. Сондай-ақ, машина көшеге жарық беретін шам бағанына соғылып тоқтаған.
Соңынан көліктің мотор бөлігі тұтана бастаған. Көлік маңайына жиналғандар өртті ушықтырмай сөндіріп үлгерді.
Қатты соққыдан салондағы жолаушы сол жерде көз жұмды. Ал, жүргізуші жеңіл жарақат алған. Дәрігерлер оны үйіне жіберді.