Алматыда жол апаты салдарынан 6 адам, оның ішінде 1 бала зардап шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үш автокөлік соғысып, салдарынан 6 адам, оның ішінде 1 бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 30 қазан күні сағат 22:00 шамасында «Тойота» маркалы автокөліктің жүргізушісі Т. есімді азамат Байзақ батыр көшесімен батыс бағытта келе жатып, жол қозғалысы ережесінің 8.3-тармағының талаптарын бұзды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов мәлімдеді.

«Тойота» жүргізушісі Байзақ батыр мен Әшімов көшесінің қиылысында Әшімов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан «Лада» маркалы автокөлікпен соқтығысады. Соққының инерциясынан «Лада» автокөлігі «Опель» автокөлігіне соғылады. Жол апатынан 6 адам, оның ішінде 1 бала зардап шекті. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді»,- деді Олжас Шәріпов.

Материал Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен өндіріске қабылданды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.