«Nissan» және «Hyundai» көліктерінің жол-көлік оқиғасы 23 ақпан күні Алматының Жансүгіров көшесі бойында Алматы қалалық полиция департаменті ЖПҚ патрульдік полиция полкі қызметкерінің кінәсінен орын алған. Абырой болғанда, апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», - деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 3-тармағына (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) сәйкес кінәлі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Бүгінгі күні аталған қызметкер полицияда жұмыс істемейді. Полиция департаменті бастығының 23 ақпандағы бұрығымен ол ішкі істер органдарынан шығарылды», - деді Н.Ораз.