АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүргізуші қаладағы жолайырықтарының бірінде көшеде тұрған жарықтандырғыш шам мен қақпаны талқандап, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға солтүстік бағыттағы шығыс айналма жолының бойында, Төле би көшесі маңындағы жолайырықта болды. Болжам бойынша, «Ауди» жүргізушісі көлігін басқара алмай қалып, жақын маңайдағы қақпалардың бірінің бірнеше секциясын, көше бойындағы шамды қағып өтіп, қарсы жолаққа шығып кеткен.
Жүргізуші көлігін оқиға орнында қалдырып қашып кеткен.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.