Алматыда жол апатынан 10 жастағы бала жапа шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан 10 жастағы бала жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жол апаты Софья Ковалевская мен Құлымбетов көшелерінің қиылысында болды.


«Субару Форестер» көлігі Ковалевская көшесімен басты жолда солтүстікке қарай келе жатқанда, қапталдан «Субару Легаси» көлігі келіп соғады. Соққы салдарынан «Форестер» бір жағына қисайып қалған.

Жол апатынан «Форестерде» отырған 10 жастағы қыз бен сол көліктің жүргізушісі жапа шекті.

Оларды жедел жәрдем көлігі алып кетті.

Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.