Жол-көлік оқиғасы Бекмаханов көшесінің бойында, Бартольд көшесіне жетпей болған.
Шығысқа қарай бағыт алып келе жатқан «Honda CRV» көлігін белгісіз көлік ұрады.
Соққыдан «Honda CRV» көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай жол шетіндегі талға барып соғылған.
Жол апатынан «Honda CRV» жүргізушісі мен оның екі баласы жапа шекті. Оларды жедел жәрдем алып кетті.
Ал, жол апатына кінәлі көлік иесі оқиға орнынан ізін суықтан. Қазір ол іздестірілуде.