Алматыда жол апатынан автобус жолаушысы жарақат алды
12:14, 24 Қыркүйек 2017
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан автобус жолаушысы жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.
Жол оқиғасы Тимирязев пен Жандосов көшелерінің жалғасқан тұсында болды.
№66 автобус Жандосов көшесімен батысқа бағыт алып келе жатқанда 20 линия көшесінен Ниссан көлігі шыға келген. Ниссан көлігі Жандосов көшесіне солға бұрылмақ болған.
Айта кету керек, бұл жерде тек қана оңға бұрылуға рұқсат етілген.Тежегішті басып үлгермей қалған автобус жүргізушісі жеңіл көлікті бүйірден ұрады.
Соққыдан қоғамдық көліктегі жолаушы әйел жапа шеккен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем әйелді ауруханаға алып кетті.