Жол апаты Қалқаман шағын ауданындағы шағын Райымбек көшесінде болған.
Митсубиши Галант Райымбек көшесімен батысқа бағыт алып келе жатқан.
Жүргізуші шағын Райымбек көшесіне бұрылған кезде сол көшемен келе жатқан Киа Церато көлігімен соқтығысқан.
Көлік апатынан Киа Церато көлігіндегі анасы мен баласы зардап шекті. Жарақат алған адамдарды жедел жәрдем ауруханаға алып кетті.
Жол апатының мән-жайын полиция анықтап жатыр