Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Golf автомобилі Т.Рысқұлов көшесінің бойымен шығысқа қарай кетіп бара жатқанда оның артынан қатты жылдамдықпен BMW көлігі соғылған.
Golf қатты соққыдан тротуарға шығып, 30 метрге дейін ұшып кеткен. Мұның бәрін жанынан өтіп бара жатқан жүргізуші көріп, тоқтаған және оқиға орнында көз жұмған Volkswagen жүргізушісіне жүгіріп барған.
Ал, BMW жүргізушісі көлігін тастап, апат болған жерден жаяу қашып кеткен.
Айта кеткен жөн, BMW апат болған жерден 70 метр қашықтықта ғана тоқтаған. Анықталғандай, автомобиль дөңгелегінде жазғы шина болған.