Жол-көлік апаты Рысқұлов даңғылында Саин мен Шәріпов көшелерінің арасында болды.
Әлеуметтік желіде апатқа ұшыраған «Mercedes-Benz» көлігінің видеосы пайда болды.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, «Mercedes» көлігінде отырған жолаушы оқиға орнында қаза тапқан, ал жүргізуші қашып кеткен.
«Аталған факті қазіргі уақытта Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасының бірыңғай тізіліміне енгізілді. ҚРҚК 345-бабы, 3-бөлігі (Жол ережесін бұзу, адамның абайсызда өліміне әкеп соқтыруы) және ҚР ҚК 347-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды.Тиісті медициналық сараптамалар тағайындалады», - деп хабарлады полициядан.