Алматыда жол апатынан екі адам қаза тапты

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылында Розыбакиев көшесімен қиылысқан тұста болған.

Полицияның хабарлауынша, «LADA Granta» жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, бетон қоршауға соғылған.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды.