Саин көшесімен шығысқа бағыт алған Камри жүргізушісі Торайғыров көшесімен келе жатқан Фольксваген Вентаға жол бермей, бүйірден соққан.
Соққыдан көлік жол шетіндегі газонға шығып кеткен.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем Фольксваген Вента көлігінің жүргізушісі мен жолаушысын ауруханаға алып кетті.
Жол апатының себептерін полиция анықтап жатыр.