Жол апаты Құрманғазы мен Шагабудинов көшелерінің қиылысында болған. Тойота көлігі Шагабудинов көшесімен оңтүстік бағыттан, ал «Хюндай» маркалы көлік Құрманғазы көшесімен жүріп келе жатқан. Тойота көлігіндегі әйел адам «жол беру» ережесін елемей, қиылысқа шығып кетіп соғылысқан. Соққыдан Тойота көлігі арыққа түсіп, «Хюндай» көлігі жол шетіндегі ағашқа соғылған. Жол апатынан әйел адам зардап шекті.
Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.