Алматыда жол апатынан мопед жүргізушісі зардап шекті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Гоголь-Әуезов көшелерінің қиылысында мопед жүргізушісі «Максима» көлігімен соғылып, ауыр жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Куәгерлердің айтуынша, мопед Әуезов көшесімен солтүстік бағытпен келе жатқан. Содан кейін, Гоголь көшесімен шығыс бағытқа қарай бұрылмақ болған. Мопед жүргізушісі осы кезде рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетеді. Осы уақытта Гоголь көшесінің батыс бағытымен келе жатқан «Ниссан Максима» маркілі көлігі онымен бетпе-бет соғылады. Мопед жүргізушісі ұшып келіп, Максиманың алдыңғы әйнектеріне соғылып, аяғын сындырып алды. Оны жедел жәрдем көлігімен алып кетті.

 

Оқиға бойынша полицейлер анықтау шараларын жүргізіп жатыр.

      

Соңғы жаңалықтар