Жол апаты әл-Фараби мен Мұстафин көшелерінің қиылысында болған.
Toyota Land Cruiser Prado әл-Фараби көшесінің оң жақ шетінде болған. Audi Q7 көлігі орта қатардағы жолақта одан сәл қалыс жүріп келе жатқан.
Куә болғандардың айтуынша, осы сәтте жоғары жылдамдықпен Mercedes-Benz S-class осы екі көліктің арасынан, қыстырылысып өтіп кетпек болған.
Алайда, ол Audi Q7 көлігін қағып кетті. Қатты соққыдан Audi оңға қарай ұшып барып, Prado-ны соққан.
Ал Mercedes солға кетіп, Тoyota Camry көлігін соқты.
Жойқын соққыдан Toyota Camry мен Mercedes-Benz-тің алдыңғы дөңгелектері жұлынып қалды.
Қазір жол апатынан зардап шеккен 3 адам ауруханада жатыр.