Алматыда жол апатында байкер жарақат алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан байкер жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан. Жол апаты Жандосов көшесінің бойында болған.


Аталған көшемен батысқа бағыт алып келе жатқан Нексия көлігі қарама-қарсы бағытта келе жатқан байкермен соқтығысқан. Салдарынан мотоцикл жүргізушісі жарақат алып, оқиға орнына жеткен жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізді.
Нексия жүргізушісінің айтуынша, байкер қарам-қарсы бағытқа шығып кеткен. Ал мотоцикл жүргізушісі «Нексияның ережені өрескел бұзып, қос сызықтан бұрылмақ болды» деді. Жол оқиғасының анық-қанығын полиция анықтап жатыр.