«Рейд барысында инспекторлар қоғамдық көліктің техникалық жағдайының талапқа сай болуын, қосымша шығу жолдарын, рөлі, тежегіші және жылу бөлу тетігінің дұрыс жұмыс істеуін тексереді», - дейді Алматы полиция қызметінің басшысы полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.
Ведомство техникалық ақау түрлі апаттарға соқтыратыны атап өтті. Қоғамда елеусіз ғана ақаудың үлкен көлік апатына себеп болған жағдайлары аз емес. Полицейлер шара барысында ондай көліктерді пайдалануға тыйым салмақ.