Оқиға орнынан ізін суытпақ болған кезде, автомобиліне бағана құлаған, деп хабарлады auto.lafa.kz.
Кейін белгілі болғандай, Land Rover көлігінің жүргізушісі Морозов көшесінің бойымен батысқа қарай жүрген. Тоқтай алмаған ол, бағанаға соғылған. Бұдан кейін жүргізуші оқиға орнынан кетпекке әрекеттенген. Алайда темір тұлпарға құлаған бағана оған тосқауыл болды. Жүргізуші болса көлігін тастап, оқиға орнынан жасырынған.
Жол полицейлері кінәлі азаматты іздестіріп жатыр.