Алматыда жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде

АЛМАТЫ. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Алматыда жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде. Адам өліміне әкеліп соқтырған көлікпен қағып кету оқиғасы кеше №3 троллейбус паркіне қарама-қарсы жерде болды,

деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Жүргізушінің жауапсыздығы салдарынан Алматы жолдарында адам өліміне әкеліп соқтырған тағы бір қайғылы оқиға болды. 1961 жылғы Алматы тұрғыны белгісіз көліктің дөңгелегінің астында қалды. Қашып кеткен жүргізуші және оның көлігі күшейтілген іздеуде, жедел-іздеу шараларына саптық құрылымдардың жеке құрамы мен қалалық ІІД-нің қосымша күштері жұмылдырылды», - деп мәлімдеді қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының жедел-іздеу жасағының бастығы, подполковник Рашид Ахметқазин.

Алматы қалалық жол полициясының басқармасы оқиға куәгерлерін және қандай да бір ақпарат білетіндерді жүргізуші және оның көлігін іздеуде азаматтық белсенділік танытуға шақырады. Кез келген ақпаратты 254-45-05, 253-02-22, 253-04-10 нөмірлеріне, 8-701-718-90-47, 8-701-111-59-19 ұялы телефон нөмірлеріне немесе 102 нөміріне хабарласып айтуға болады.