Алматы полициясы жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісін тіркеген видеоға қатысты түсініктеме берді.
«Құқық бұзушы 21 жастағы азамат болып шықты. Ол жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 595-баптың, 1-бөлігі, 602-баптың, 1-1 бөлігі, 606-баптың 1-бөлігі және 620-баптың 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Оған қатысты сегіз электрондық хаттама толтырылды»,- деді Алматы қалалық ІІД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Оның айтуынша, екінші көліктің жүргізушісіне қатысты тексеру жалғасып жатыр.