Бұл міндеттерді ІІД ЖПБ-ның әкімшілік тәжірибе бөлімі мен сот орындаушыларынан құралған арнайы жетілдірлген үш топ жүзеге асыратын болады. Мұнымен қатар, аталған жұмыстар бойынша тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін жол полициясы тарапынан үш эвакуатор көлігі мен «Поток» жүйесімен жарақталған ( «Поток» - автокөліктердің тасқыны арасынан мемлекеттік нөмірлері арқылы автокөліктердің техникалық тексеруден өтпеген немесе салық төлемеген, айыппұлдары бар техника құралдарын анықтайтын жүйе) үш арнаулы «Газель» көлігі пайдаланылуда.
«Аталған жұмыстар белгіленген тәртіп негізінде айыппұлын өтемеген жүргізушілерді анықтауға бағытталып отыр. Мәселен, айыппұлын төлеу мерзімі өтіп кеткен жүргізушілерге хаттама толтырылып, әкімшілік сот орындаушыларына тапсырылады. Олар көлік иесі тиісті айыппұлын төлегенше көлікті айып тұрағында ұстау жөнінде қаулы шығарады»,-деді Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Мұқан Досымбаев.