Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, 1 шілде сағат 00:00 мен 06:00 аралығында түнгі уақытта қозғалысты шектемей, Абай даңғылында автобус жолағын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал 1-3 шілде аралығында сағат 23:00 мен 06:00 аралығында Абай даңғылының бойы Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі бөлігінің солтүстік бетінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы шектелетін болады. 2-3 шілде күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.
Көлік қозғалысының шектелуіне байланысты троллейбус маршруттарының сызбаларына уақытша өзгерістер енгізіледі:
- №25 маршрут – Абай даңғылы - Желтоқсан көшесінің солтүстігі - Гоголь – Орталық саябақ – Гоголь көшесінің батыс жағы - Наурызбай батырдың оңтүстік жағы – Абай даңғылының батыс жағы, одан әрі маршрут бойынша;
- №11 және №19 маршруттары Абай даңғылының шығысы - Желтоқсан көшесінің солтүстік жағы - Гоголь көшесінің шығысы – Орталық саябақ – Гоголь көшесінің батысты – Қалдаяқов көшесінің солтүстігі - Жібек жолы даңғылының батысы - Пушкиннің оңтүстік жағы – Гоголь көшесінің батысы - Наурызбай батыр көшесінің оңтүстік жағы - Абай даңғылының батысы, одан әрі маршрут бойынша;
- №9 маршрут – Байтұрсынов көшесінің солтүстік жағы - Абай даңғылының шығысы – Желтоқсанның солтүстігі - Гоголь көшесінің шығысы – Орталық саябақ – Гоголь батыс – Қалдаяқов солтүстік - Жібек жолы даңғылының батыс жағы – Пушкин көшесінің оңтүстік жағы – Гоголь көшесінің батысы - Наурызбай батырдың оңтүстік беті - Қабанбай батыр көшесінің батыс жағы, одан әрі маршрут бойынша.
«Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», - деп хабарлады Алматы қалалық мобилділік басқармасынан.