Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлады: бір адам зардап шеккен

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлады: бір адам зардап шеккен. Оның видеосы Instagram желісінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Саин - Райымбек даңғылдарының қиылысындағы жолайрықта болған. Қазір оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.

Алматы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оң қолы ауыратынын айтып бір адам медициналық көмекке жүгінген.

«Түркістан облысының тұрғыны №7 қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді. Оған шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Қазір ол амбулаторлық емдеуге жіберілді», - дейді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев.