Алматыда жолаушылар автобусының неден өртенгені белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жолаушылар автобусы не себепті отқа оранғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 маусым күні Медеу ауданындағы Назарбаев даңғылының бойында автобус өртенді. Тексеру нәтижиесіне сәйкес, өрттің шығуына газ жүйесінің істен шығуы себеп болған. Жүргізуші мотордың отқа оранғаның дер кезінде анықтап, салондағы 6 жолаушыны эвакуациялау бойынша шаралар қабылдады», - деді Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Арман Байгелов онлайн-брифинг барысында.

Еске салайық, өткен аптада Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп, жүргізушінің қолы күйіп қалды.