Алматыда жолаушылар пойызы екі жасөспірімді қағып кетті

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні кешкі сағат бесте Алматы қаласының Жетісу ауданында №10-ыншы Астана-Алматы жолаушылар пойызы қозғалыс барысында екі жеткіншекті қағып кетті.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 13 жастағы ұлдар ауруханаға жеткізілді.