Аталған жайтқа байланысты «Green Bus Company» ЖШС директоры Бауыржан Құлышев түсінік берді.
«Жүргізуші рейстен алынды. Көлікке басқа жүргізуші жіберілді. Тексеру барысында кондукторлар маршрутта жолаушыларға билет берілмегенін анықтаған», - деді Б.Құлышев.
Оқиғаға куə болғандардың айтуынша, жүргізуші автобуста дау шығарып, жолаушы толған көліктен шығып кеткен.
«Тәртіпсіздік көрсеткен жүргізуші жұмысынан шығарылды», - деді ол.