Алматыда «Жолда қабылдау» акциясы басталды

АЛМАТЫ. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «Жолда қабылдау» акциясы басталды.

«Нұр Отан» ХДП және қалалық жол полициясы басқармасының бастамасымен жүзеге асып келе жатқан шара биыл да жалғасын тапты.

Акцияның мақсаты - қала тұрғындарына құқықтық кеңес бере отырып, жол ережесін түсіндіру. Сонымен қатар Алматы қаласының ІІД Жол полициясы басқармасы жұмысына қатысты халықтың көкейінде жүрген сауалдарды сұрап біліп, нақты шешімдерді табу болып табылады.

Бүгін «Жолда қабылдау» деген жазуы бар 4 көлік қаланың әр ауданын аралап, тұрғындарды алаңдатқан сұрақтарға жауап беруде. Сондай-ақ автобустарда жол полициясы қызметкерлері конституциялық құқық пен заңдылықты сақтау мәселесі бойынша азаматтарға сауалнама ұйымдастыруда.