Алматыда «Жолда қабылдау» атты шара өтті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда ІІД-нің Жол полициясы басқармасы «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық бөлімімен бірлесіп «Жолда қабылдау» атты іс-шара өткізді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұндай шара осымен үшінші рет өтіп отыр,   шараның басты мақсаты - халыққа жақын болу, халықты мазалап отырған сұрақтарға жауап беру. Халықтың жол полициясына деген көптеген сурақтарымен қатар наразылықтары да бар. Міне, сол жайттарды ескере отырып, тұрғындарға бар мүмкіндігімізше көмектесудеміз», дейді Жол полициясы басқармасының инспекторы Ақбота Әзірбекова.

Шара барысында қала тұрғындары жол белгілеріне, жаяу жүргіншілер жолына байланысты және бағдаршам құрылғылары жайында көптеген сұрақтарын жол полициясы өкілдеріне қойды. Сонымен қатар тұрғындар қаладағы қоғамдық көліктердің өте көп мөлшерде қалдық түтінін шығаратынына алаңдаушылықтарын жеткізді.