Бұл оқиғаның видеосы Facebook желісіндегі «Қала кезекшісі» тобында жарияланды.
Бейнекадрда Іле Алатауы паркінен шыққан жүк көлігінің дөңгелегінен лай шашырағаны түсіп қалған.
«Жүргізуші өздігінен құқықбұзушылық салдарын жоюға тырыспаған», - деді қалалық ПД Жергілікті полиция қызметінің полк командирі Манап Саттаров.
Осылайша 47 жастағы ер адам ҚР ӘқбК 603-бабымен әкімшілік жазаға тартылатын болды.
Полиция қызметкерлері жүргізушімен құқықбұзушылықтың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.